Қазақстандықтар табыс табу жолында шетел асуға мәжбүр болмай ма?

235

Қазақстанға мұндай қауіп төніп тұрған жоқ.  

Қазақстандықтар табыс табу жолында шетел асуға мәжбүр болмай ма? Фото: Informburo.kz

Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Сенат кулуарында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Тілшілер министрден қазақстандықтар жоғары табыс жолында шетелде жұмыс істеуге мәжбүр болмай ма деп сұрады.

"Біздің мақсатымыз – барлық жағдайды жасап, халықты жұмыспен қамту. Жыл сайын экономикада бір миллионға жуық жаңа жұмыс орындары құрылып жатыр", – деді министр.

Оның сөзінше, бұл үрдіс жалғасатын болады.

"Қандай мамандық таңдайтыны, қандай салада жұмыс істегісі келетіні адамға да байланысты. Бізге техникалық мамандықтар керек деп айтып жатырмыз. Мемлекеттің мақсаты – жастарға жұмыс орындарын құру. Әр адам өзінің таңдауын жасайды", - деп атап өтті Нұрлан Байбазаров.

Журналистер "Қырғызстан, Тәжікстан азаматтары сияқты қазақстандықтарға шетелде жұмыс істеу қаупі төніп тұрған жоқ па?" деп нақтылады.

"Әр адамның өз таңдауы бар. Шетелге барып жұмыс істеп жүрген азаматтар бар. Жақсы жұмыс тауып жатқандар туралы мысалдар көп. Мұнай-газ, цифрлық технология саласында дарынды жастарымыз, мамандарымыз (шетелде) жұмыс істеп жүр. Біз оған қарсы емеспіз. Сіздің айтып отырғаныңыз түсінікті. Қара жұмысты меңзеп отырсыз ғой. Ондай үрдіс болмайды деп ойлаймын",  – деді Нұрлан Байбазаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу