Қазақстандықтар табысының басым бөлігін азық-түлікке жұмсайды

1299

Жалпы азық-түлік тауарлары барлық шығынның  54%-дан астамын, ал халықтың тұтыну шығыны 58%-дан астам үлесті алып отыр. 

Қазақстандықтар табысының басым бөлігін азық-түлікке жұмсайды

Екі тоқсан қатарынан қазақстандықтардың шығыстарының жартысынан көбі азық-түлік шығыны болып саналады, - деп хабарлайды finprom.kz.

2020 жылдың үшінші тоқсанында (шілде, тамыз, қыркүйек) халықтың жан басына шаққандағы шығысы 179,5 мың теңге болды. Бұл алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда 7,7%-ға артық және 2019 жылдың үшінші тоқсанымен салыстырғанда 7,3%-ға жоғары.

Шығыстар мен кірістердің арақатынасы 2020 жылдың үшінші тоқсанында 95% болды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен (95,1%) айтарлықтай өзгермеген.

Қазақстан өңірлері арасында жан басына шаққандағы шығыстар 2020 жылдың үшінші тоқсанында (шілде, тамыз, қыркүйек)  Түркістан облысында 112,3 мың теңге, Алматы қаласында 255,1 мың теңге (айырмашылық 2,3 есе) аралығында. 

Жан басына шаққандағы шығыны ең көп өңірлер арасында Қарағанды (233,8 мың теңге) және Шығыс Қазақстан (208,1 мың теңге) облыстары тұр.

2020 жылдың үшінші тоқсанында жан басына шаққандағы ең төменгі шығыс Түркістан облысымен қатар Шымкент қаласында (135,5 мың теңге) және Жамбыл облысында (137,5 мың теңге) тіркелді.

Шығыс құрылымында тұтынушылық шығын басым болып келеді. 2020 жылдың үшінші тоқсанында ол шығыстардың жалпы көлемінің 92,8% үлесін алды (тұтынушылық шығын 2019 жылдың үшінші тоқсанымен салыстырғанда өзгерген жоқ).

Кредиттер мен қарыздарды өтеуге жұмсалатын шығыстардың үлесі бір жыл ішінде 4,2%-дан 5%-ға дейін өсті. Ал туыстарына, таныстарына материалдық көмекке және алиментке жұмсалатын шығыстардың үлесі 2,7%-дан 1,8%-ға дейін азайды.

Халықтың шығыстары құрылымындағы салықтардың, төлемдердің және басқа да төлемдердің үлесі өзгеріссіз қалды - 0,3%.

Тұтыну шығындары 2020 жылдың үшінші тоқсанында жан басына шаққанда 166,6 мың теңге болды. Бұл 2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,3%-ға артық.

Тұтыну шығыстарының жартысынан көбі азық-түлік тауарларына тиесілі. Олардың үлесі бір жыл ішінде 53,8%-дан 58,5% - ға дейін өсті. Бұл жан басына шаққанда 97,4 мың теңге.

Оның ішінде 91,4 мың теңге (жылына+18,3%) азық-түлік пен алкогольсіз сусындарға тиесілі. Бұл тұтыну шығынының үлесі бір жылда 49,7%-дан 54,8%-ға дейін өскен. 

Тұтыну шығыны құрылымындағы азық-түлік емес тауарларға жан басына шаққанда 42,7 мың теңге (жылына+7,7%) жұмсалады. Оның үлесі өткен жылмен салыстырғанда өзгерген жоқ (2020 жылдың үшінші тоқсанында 25,6%). 

Ақылы қызметтерге жұмсалатын шығындар бір жыл ішінде 17,5%-ға немесе 26,5 мың теңгеге дейін қысқарды. Бұл тұтыну шығыстарының үлесін 20,7%-дан 15,9%-ға дейін төмендетті.

Азық-түлік өнімдері мен алкогольсіз сусындардың шығысы 2020 жылдың үшінші тоқсанында 50,9% (2020 жылдың екінші тоқсанында-53,2%) болды. Осылайша, екі тоқсан қатарынан қазақстандықтардың шығыстарының жартысынан көбі азық-түлік шығыны болып отыр.

Осыған дейін азық-түлік өнімдері мен алкогольсіз сусындарға жұмсалатын шығынның үлесі 48,5%-дан аспаған еді.

2020 жылдың үшінші тоқсанында халықтың жан басына шаққандағы азық-түлік өнімдері мен алкогольсіз сусындардың шығыны құрылымында ең қомақты шығын ет және ет өнімдеріне (32,7 мың теңге), нан өнімдері мен жарма өнімдеріне (13,1 мың теңге), сүт өнімдеріне (9,1 мың теңге) тиесілі.

Сонымен қатар, шығыстардың елеулі  үлесі жемістерге жұмсалған:
30,4% немесе 8,6 мың теңге.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу