Ал Қазақстан тұрғындары тапқан табысының жартысына жуығын тамаққа жұмсайды. Мәселен, жылдың алғашқы үш айында жалпы шығынның 45,9 пайызы азық-түлікті сатып алуға бағытталған. Өткен жылы бұл көрсеткіш 44,4 пайызды құраған еді. Сондай-ақ қазақстандықтар ет алуға келгенде ақшаны үнемдемдеуді аса жөн көрмейді. Табысының 15,3 пайызын осыған арнайды. Ал, нан мен жарма өнімдерін сатып алуға өткен жылы 7,1 пайыз қаражатын жұмсаса, биыл бұл көрсеткіш 7,4 пайызға жеткен. Жалпы, көкөніс құны өскеннен кейін, соған сәйкес жұмсалатын қаржатта ұлғайды. Есесіне қазақстандықтар балық және теңіз өнімдерін сатып алуға келгенде сараңдық танытатын болып шықты. Бұған табысының 1,5 пайызы ғана кетеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу