Қазақстандықтар табысының жартысын тамаққа жұмсайды

693

Зерттеу 110 мемлекеттің арасында жүргізілді.

Қазақстандықтар табысының жартысын тамаққа жұмсайды Фото: inbusiness.kz

Қазақстан тұрғындардың азық-түлік кететін шығындар бойынша рейтингте әлемде 104-ші орынға жайғасып, осы көрсеткіш бойынша әлемдік антилидерлердің қатарына енді, деп жазады Inbusiness.kz.

Нарықтарды зерттеу жөніндегі халықаралық компания Euromonitor International мен Picodi.com сервисі талдаушыларының есептеріне сәйкес, қазақстандықтардың тұтыну шығындарының жартысына жуығы (49,4%) — азық-түлік сатып алу. Дамыған елдермен салыстырғанда бұл тым үлкен көрсеткіш. Мысалы, АҚШ-та азық-түлік шығындарының үлесі небәрі 6,7% құрайды, Еуропаның көптеген елдерінде бұл көрсеткіш 9%-19% аралығында. Африканың кейбір кедей елдерінің өзінде тұрғындардың азық-түлікке жұмсайтын қаражаты қазақстандықтарға қарағанда аз: Угандада — 44,2%, Камерунда — 45,2%, Эфиопияда — 41,3%.

Еуропа мен Орталық Азия мемлекеттері арасындағы ақшалай мәндегі айлық шығындарды салыстыру кезінде Қазақстан шамамен тізімнің ортасында болды (41 елдің көрсеткіштері салыстырылды). ҚР тұрғындары айына азық-түлікке $213 жұмсайтыны белгілі болды. Бұл Ұлттық банктің 28 тамыздағы бағамы бойынша 98 мың теңге. Қазақстандықтардың азық-түлік тауарларының жалпы чегі Ұлыбритания  ($202) немесе Испания ($190) тұрғындарынан аса асып кетпеген. Бірақ бұл елдерде $200 отбасылық бюджетке ауыр тимейді.  Мысалы, тұманды Альбионда 202 доллар жалпы тұтыну шығындарының бар болғаны 8,7%-ын, Испанияда — 13,1% құрайды.

Ranking.kz хабарлағандай, халықаралық талдаушылар жариялаған қазақстандықтардың шығындарының сомасы ұлттық статистика қызметі көрсеткен сандардан екі есе көп. ҚР СЖмРА Ұлттық статистика бюросының есептеріне сүйенсек, осы жылдың қаңтар–наурыз айларында тұрғындардың азық-түлікке жұмсаған шығындары тоқсанына 134 мың теңгені немесе айына 44,7 мың теңгені құрады. Өткен жылдың алғашқы үш айымен салыстырғанда қазақстандықтар осы міндетті бапқа 21,9%-дан астам ақша жұмсай бастаған. Өсім біртіндеп артып, тоқсанына 4%-7%-ға тұрақты ілгері жылжыды.

Мұндай жағдайға екі фактор әсер етті, олардың бірі — өткен жылдың аяғында және 2023 жылдың басында соңғы жылдардағы рекордты жаңартқан жалпы азық-түлік инфляциясы. Қарашадан қаңтарға дейін азық-түлік 24,1% -25,7%-ға дейін қымбаттады, ақпан айында бағалар 26,2% - ға өсті.

Екінші фактор Қазақстандықтардың табысы күнде өсіп жатқан бағаға ілесе алмай келеді. Бұл номиналды және нақты жалақы динамикасындағы айырмашылықтан айқын көрінеді. Мысалы, осы жылдың бірінші тоқсанында қазақстандықтардың орташа атаулы жалақысы 19,3%-ға өсті, ал оның сатып алу қабілеті 0,6%-ға төмендеді. Сәуір-маусым айларында нақты жалақы индексі көтерілгенімен, оны (1,2%) , қазақстандықтар байқаған да жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу