8-9 маусым аралығында Инсбрук қаласында (Австрия) G-1 "Austria Open" халықаралық турнирі өтуде. Бірінші күнгі ойын нәтижесі бойынша Қазақстан командасы он медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Алтын медальді 44 келі салмақ дәрежесінде Айдана Құмартаева, 59 келі салмақ дәрежесінде Шамсат Дүйсенов және 63 келі салмақ дәрежесінде Бағжан Астембеков иеленді.
48 келі салмақ дәрежесінде Саят Тұрақұл, 51 келі салмақ дәрежесінде Әзірет Дүйсенбек, 68 келі салмақ дәрежесінде Бекжан Нұсналим және 42 келі салмақ дәрежесінде Рита Бакишева Қазақстанның қоржынын "күміспен" толықтырды.
Турнирдің қола жүлдесін 46 келі салмақ дәрежесінде Камила Аймукашева, 73 келі салмақ дәрежесінде Абдурахмон Марипов, +78 келі салмақ дәрежесінде Ахмади Нұрқасым иеленді.