Қазақстандықтар тамызда неше күн демалады

296

2025 жылдың тамызында қазақстандықтар Конституция күніне байланысты үш күн демалады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстандықтар тамызда неше күн демалады Фото: freepik

Биыл мемлекеттік мереке саналатын 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні сенбіге тап келеді. Еңбек кодексіне сәйкес, егер мереке демалыс күніне сәйкес келсе, қосымша демалыс келесі жұмыс күніне, яғни бұл жолы 1 қыркүйек – дүйсенбіге ауыстырылады.

Осылайша, еліміздің азаматтары 30 және 31 тамыз күндерімен қоса, 1 қыркүйекте де демалып, үш күн қатарынан тыныға алады.

Бұдан бөлек, тамыз айының өзге апталарындағы дәстүрлі сенбі-жексенбі күндері де демалыс ретінде сақталады. Атап айтқанда:

  • 2-3 тамыз,
  • 9-10 тамыз,
  • 16-17 тамыз,
  • 23-24 тамыз,
  • 30-31 тамыз күндері – ресми демалыс күндері саналады.

Жалпы алғанда, 2025 жылдың тамызында қазақстандықтар 10 күн бойы демалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу