inbusiness.kz сайты желтоқсан және қаңтар айларына арналған мерекелер мен демалыс күндерінің күнтізбесін дайындады.
2023 жылдың желтоқсан айында ел тұрғындары Тәуелсіздік күнін 16 желтоқсан, яғни сенбіде тойлайды, сол себепті дүйсенбіде қосымша демалыс болады.
Осылайша, қазақстандықтар Тәуелсіздік күні демалатын болады:
16, 17 және 18 желтоқсанда бес күндік жұмыс аптасымен;
16 және 17 желтоқсанда алты күндік жұмыс аптасымен.
Жаңа жылдық мереке күндері қазақстандықтар бес күндік жұмыс аптасында төрт күн, алты күндік жұмыс аптасында үш күн демалады.
Желтоқсанның 30-ы мен 31-і сенбі мен жексенбіге сәйкес келеді, одан кейін қазақстандықтар 1 және 2 қаңтарда демалады.
Рождество мерекесі кейінге қалдырылмайды. 2024 жылы 7 қаңтар, Рождество күні жексенбіге сәйкес келеді.