Қазақстандықтар тегін дәрі-дәрмекті жаңа форматта алуы мүмкін

Пилоттық жоба қазірдің өзінде Абай облысындағы барлық емханада іске қосылған.  

Қазақстандықтар тегін дәрі-дәрмекті жаңа форматта алуы мүмкін Фото: Парламентская газета

Демек, елімізде тегін дәрі-дәрмектерді "Әлеуметтік әмиян" қосымшасындағы QR-код арқылы беру жүйесі сыналып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Бұл пилоттық жоба, яғни QR-код арқылы дәрілік препараттарды алу жүйесі Абай облысында оң нәтиже көрсетсе, ел төңірегінде жүзеге асырылуы мүмкін. 

Антикоррупциялық қызмет бұл жүйе денсаулық сақтау саласындағы жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында енгізілгенін айтады. Мысалы, 2024 жылы Абай облысында дәрі-дәрмек жеткізуде кешігулер дерегі тіркелген. Соның салдарынан пациенттер тегін берілуі тиіс дәрі-дәрмектерді өз қаражатына сатып алған. 

– 2024 жылғы сыртқы талдау көрсеткендей, "СК-Фармация" тарапынан дәрілерді уақытында жеткізбеу мәселесі анықталды. Бұл тұрғындардың қажетті дәрілерді өз есебінен сатып алуына әкелді. Жаңа жүйе осы мәселелерді шешуге бағытталған, – деп түсіндірді жауапты орган.

Статистикалық мәліметтер 2024 жылы Абай облысында пациенттер саны 14%-ға артқанын, солай бола тұра жазылған рецепттердің саны 707,6 мыңнан 682,4 мыңға азайғанын көрсетеді.

Пилоттық жоба осы алшақтықты азайтып, дәрі-дәрмектердің уақытылы жетуіне жол ашпақ.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу