Қазақстандықтар темекіні көбірек шеге бастады

836

Қазақстандықтар темекіні көбірек шеге бастады

ҚР ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің мәліметіне сәйкес, 2016 жылдың қорытындысы бойынша, темекі егістіктерінің нақты аумағы 357 гектарды құрады. Салыстырмалы түрде 2012 жылы егістік аумағы 1275,1 гектар болған. Осылайша соңғы төрт жыл ішінде темекі егістігінің аумағы 72%-ға, ал былтырғы жылы (2015 жылғы мәліметпен салыстырғанда) 22,5%-ға қысқарды, деп хабарлайды  7күн.

Темекі өнімдерін өндіру көлемі қысқарғанына қарамастан, соңғы жылдары сатылған өнім көлемі ұлғая берген. Темекі бағасының қымбаттауы да бұған кедергі болмаған. 2016 жылы ҚР ішкі нарығында 26,7 млрд дана темекі сатылды, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 9,8%-ға артық.

"Жыл сайын Қазақстанда орташа есеппен 8-10 млрд дана темекі өнімі пайдаланылады, 2013-2015 жылдар аралығында пайдалану мөлшері жыл сайын шамамен 44%-ға артып отырды.Орташа есеппен 2015 жылы адам басына шаққанда 769 темекіден, немесе жылына 38 темекі қорабынан келді", – деп мәлімдеген еді Алматы қаласы Аймақтық қаржылық орталығы рейтингілік агенттігінің сарапшысы Гаухар Шынкеева.

Өткен жылы темекі өнімдерінің өндірісі 2015 жылмен салыстырғанда 0,8%-ға артты. ҚР ҰЭМ статистика комитетінің мәліметі бойынша, 2015 жылдың қаңтарынан желтоқсан айына дейінгі аралықта 20,3 млрд темекі және оны алмастырушы өнім өндірілді. Айта кету керек, 2015 жылдың қорытындысы бойынша темекі өнімдерін шығарумен айналысатын кәсіпорындардың өндірістік қуаты тек 51%-ға ғана пайдаланылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу