Қазақстандықтар тиімді әрі жаңа мүмкіндікке ие болды

Бүгіннен бастап елімізде "Наурыз" атты мемлекеттік жеңілдетілген ипотека бағдарламасы ресми түрде іске қосылып отыр.  

Қазақстандықтар тиімді әрі жаңа мүмкіндікке ие болды Фото: РБК

Бағдарлама аясында алғашқы тұрғын үйін небәрі 10% бастапқы жарнамен және жылдық 7%-дан басталатын мөлшерлемемен рәсімдеуге болады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Аталған бағдарламаға өтінім қабылдау 2025 жылдың 3 қарашасы мен 1 желтоқсан аралығында жалғасады. Ол тек онлайн форматта Baspana Market порталы арқылы берілмек.

Бағдарлама талаптары да оңай: 

– "Отбасы банкінің" салымшылары, депозитінде кемінде 2 миллион теңге болуы тиіс;
– Өзінде және отбасы мүшелерінде соңғы 5 жылда баспанасы болмаған азаматтар;
– Жасы 18 бен 63 жас аралығындағы қазақстандықтар.

Бастапқы жарна:

• егер пәтер таза әрлеуде болса (10%);
• егер пәтер екінші нарықтан немесе қарапайым әрлеуде болса (20%).
Пайыздық мөлшерлеме:
• 7% (ЖТСМ – 7,1%) – әлеуметтік осал топтарға;
• 9% (ЖТСМ – 9,4%) – өзге қатысушыларға.

Жаңа бағдарламада қарыз соммасы аймақтарға 30 миллион теңгеге дейін, ал Астана мен Алматыда 36 миллион теңгеге дейін берілмек.

Бірнеше күн бұрын "Келесі айда қазақстандықтарға баспаналы болуға керемет мүмкіндік туып тұр" деген тақырыпта материал жариялаған едік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу