2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында құқық және бухгалтерлік есеп саласында көрсетілген қызметтердің көлемі 110,4 млрд теңгені құрады. Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 3%-ға артық, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Олардың ішінде адвокаттық қызмет көлемі – 5,7 млрд теңге, нотариаттық қызмет – 42,1 млн теңге, құқық саласындағы басқа да қызмет түрлері – 29,7 млрд теңгені құрады. Ал қаржылық аудит бойынша іс-шаралар – 33,5 млрд теңгеге дейін жетті. Бұл ретте, шот-фактура және бухгалтерлік есеп саласындағы қызмет 37 млрд теңгені құрады", – делінген Ұлттық статистика бюросының хабарламасында.
Сондай-ақ, салық салу саласындағы консультациялық қызметтердің көлемі 3,2 млрд теңгені құрады. Ал төлем қабілетсіздігімен және берешекті өндіріп алумен байланысты қызмет 157,6 млн теңгеге жетті.
Сонымен қатар, облыс бойынша қызметтердің ең көп көлемі қалада тіркелді. Соның ішінде, Алматы қаласы – 64,9 млрд теңге.
Аймақтар бойынша үздік үштікке Астана (30,7 млрд теңге) және Атырау облысы (2,3 млрд теңге) кірді.