Бірінші несие бюросының бас директоры Руслан Омаров 2021 жыл азаматтар үшін несие жүйесінде өзгерістер көп болғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Солардың бірі былтырғы шілдеден бастап борышкерлерге жеке несие есебін екі түрлі жолмен ала алады.
"Толық несие есебі – бүкіл кезеңдегі несие тарихын көрсетеді, ол тек 1cb.kz сайтында қолжетімді және жылына бір рет тегін беріледі. Әдеттегі несие есебінде соңғы 5 жылдан астам уақыт бұрын алынған қарыздар туралы ақпарат қамтылмайды. Ол заңда белгіленген. Бұл есеп 1cb.kz, eGov.kz веб-сайттарында, Халыққа қызмет көрсету орталығының бөлімдерінде, "Қазпошта" АҚ және басқа да электрондық порталдар мен Бірінші несие бюросының серіктестерінің кеңселерінде қолжетімді", – деді спикер.
Бірінші несие бюросының мәліметінше, 2021 жылы қазақстандықтар өз бетінше 475 095 рет несие тарихы бойынша көшірме алды. Айта кетерлігі, оның 94%-ы онлайн түрде берілген.
Құралай Құдайберген