Cәуір айынан бастап қазақстандықтар төтенше жағдай кезінде атаулы әлеуметтік көмекті мемлекеттік органдармен байланыссыз ала бастайды, деп хабарлайды Atameken Business.
Олар әлеуметтік көмекті қайта тағайындау үшін мемлекеттік органдардың ақпараттық базалары арқылы деректерді тексеруде. Атап айтқанда, тұрғылықты жері бойынша тіркеу, жылжымайтын мүліктің бар-жоғы, кірістер қамтылады.
Егер отбасы құрамы өзгермеген жағдайда, тағайындауға өтініш қолда бар деректер негізінде қалыптастырылатын болады. Бұл үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері 1-ші тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек алған азаматтар үшін өз бетінше өтініш жасайды және тағайындау өлшемдеріне сәйкестігін тексереді. Бұл тұрғыда барлық ақпарат, сондай-ақ хабарламалар электрондық пошта немесе мессенджерлер арқылы жіберілетін болады.
Ал 1-ші тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек алмаған азаматтарға АӘК тағайындау үшін egov.kz порталы арқылы өтініш жіберу қажет. Естеріңізге сала кетейін, биылдың басынан бері атаулы әлеументтік көмек 102 мыңнан астам отбасыға немесе 527 мың 600 адамға берілді. Көмек алушылардың 41,5 пайызын көпбалалы отбасылар құрайды.