Бүгінгі таңда Қазақстанда Түркиядағы жерсілкінісі кезінде зардап шеккендер үшін ашылған шотқа шамамен 10 миллион доллар түсті. Барлық қаражат төтенше жағдайлардың алдын алу және жою басқармасына аударылған.
Түркияның Астанадағы елшілігінің хабарлауынша, қазақстандық кәсіпкерлердің бірі қорынан қайырымдылық шотына бірден5 млн доллар түскен. Айта кетейік, Түркияның оңтүстік-шығысындағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 44,2 мыңнан асты. Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияда табиғи апат құрбандары үшін жалпыұлттық аза тұту туралы жариялады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу