Қазақстандықтар Түркияға пойызбен бара алатын болады

696

Қазақстандықтар Түркияға пойызбен бара алатын болады

Енді қазақстандықтар Түркия, Грузия, Әзірбайжанға жоғары жылдамдықты пойызбен бара алады. Бұл жобаны іске асыру 2018 жылдың соңына дейін жоспарланған, деп хабарлайды baribar.kz.

"Әзірбайжан темір жолдары" компаниясы өткен жылдың қазан айында ашылған Баку-Тбилиси-Карс бағытындағы жолаушылар пойыздарын іске қосуды жоспарлап отыр. Ойды жүзеге асыру үшін мамандар техникалық мәселелерді шешіп жатыр.
Баку-Тбилиси-Карс бағыты бойынша жүретін пойыз бастапқы кезеңде бір миллионға жуық жолаушыны тасымалдап, батыстан шығысқа және шығыстан батысқа қарай баратын туристер ағымын көбейтуге ықпал етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу