Өткен жылдың қазан айында Баку-Тбилиси-Карс бағыты бойынша ашылған теміржол бағдары жолаушыларды Қазақстаннан түріктің Карс қаласына дейін жеткізеді деп хабарлайды 24kz.
Тап қазіргі уақытта техникалық шаруалар шешіліп жатыр.
Баку-Тбилиси-Карс теміржолы алғашқы кезеңде 1 млрд-қа дейін жолаушы тасымалдай алады. Жобаны іске асыру үшін техникалық талаптарды орындау ғана қалды. Осы жылдың соңына қарай Түркияға барғысы келетіндер жүрдек пойыз арқылы жете алады.
— Бірінші кезекте техникалық талаптарды орындау керек. Мәселе әзербайжан аумағындағы рельстің өлшемі 1520, ал түрік жақтағы рельстің өлшемі 1435 миллиметр болуында. Бір рельстен келесі рельске көшу үшін дөңгелектерді айырбастау керек немесе бұл процесті автоматты түрде іске асыру қажет. Осы талаптарға сай келетін вагондарға тапсырыс бердік. Осы жылдың соңына Карск қаласына дейін жолаушылар тасымалдауды жоспарлап отырмыз, — деді "Әзербайжан темір жолы" төрағасы Джавид Гурбанов.
Мамандар Баку-Тбилиси-Карс бағыты бойынша жолаушылар тасымалдау Шығыстан Батысқа, сондай-ақ кері қарай келетін туристік ағынды арттырады.
— Көлік – туризмнің басты факторларының бірі. Баку-Тбилиси-Карс бағыты Ұлы Жібек жолы аумағы бойынша өтетіндіктен, туризм үшін үлкен мүмкіндік ашады. Арнайы туристік пойыздарды, сахаттаушылар үшін жеке жобаларды іске қосу жоспарлануда. Бұл Қазақстан және Азия елдерінің туристеріне Түркияға бару үшін үлкен мүмкіндік, — деді Әзербайжан мәдениет және туризм министрлігінің баспасөз хатшысы Вугар Шихмамедов.