Қазақстандықтар Украинадан кетуі керек: Елшілік мәлімдеме жасады

297

Украинадағы соғысқа байланысты елшілік ескерту жасады.  

Қазақстандықтар Украинадан кетуі керек: Елшілік мәлімдеме жасады Фото: inbusiness.kz

Қазақстанның Украинадағы елшілігі ел азаматтарын Украинадан кетуге шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Украинада артиллериялық атқылау мен әуе шабуылдарының жиілігінің артуына байланысты, қауіпсіздік мақсатында Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан азаматтарына белсенді ұрыс қимылдары жүргізіліп жатқан жерлерге жақын аумақтарды қалдыру немесе Украинадан кету мүмкіндігін қарастыруды ұсынады.  Елшілік барлық азаматтарды әуе шабуылы туралы ескертуді елемеуге және дереу баспаналарға баруға, өздерінің қауіпсіздік шараларын сақтауға және ресми органдардың ұсыныстарын орындауға шақырады. Украинадан Қазақстанға бару үшін Қазақстан Республикасының азаматтары жерүсті бағыттарын: Польша немесе Молдова арқылы, одан әрі коммерциялық әуе қатынасын пайдалана алатынын ескереміз",  делінген хабарламада.

Польша арқылы кеткен жағдайда Қазақстан азаматтарында Шенген визасы болуы керек. Молдоваға кіру үшін виза қажет емес.

Елшіліктің консулдық бөлімінің байланыс телефондары: +38(044) 4831596, +38(044) 4891031.

Қазақстан азаматтарына арналған сенім телефоны (төтенше жағдай кезінде): +380673470408.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу