Қазақстандықтар үлкен қоқысты полигонға өз бетінше шығаруға міндеттеледі – бұйрық жобасы

463

Яғни, жиһаз бен құрылыс материалдарын полигонға иесінің өзі шығаруға міндеттеледі. 

Қазақстандықтар үлкен қоқысты полигонға өз бетінше шығаруға міндеттеледі – бұйрық жобасы Фото: azattyq-ruhy.kz

Бұл туралы "Ашық" НҚА порталында жарияланған Индустрия және инфроқұрылымдық даму министрінің тиісті бұйрығында жазылған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Бүгінгі таңда заңды және жеке тұлғалар контейнерлер мен контейнерлік алаңдардың маңына үлкен көлемдегі қоқыстарды (жиһаз, сантехника, құрылыс материалдары) жиі тастайды. Оларды қоқыс таситын көлікке тиеу мүмкін емес, мысалы, шкаф немесе диванды. Осыған байланысты мұндай қалдықтардың иелері оларды қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына өздері шығаруы керек. Тиісті норма ережеге қосылады", - делінген бұйрықтың жаңа редакциясында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу