Қазақстандықтар ұннан таршылық көрмей ме?

348

Жауапты министрлік ішкі нарықта тапшылық болмайды деп сендіріп отыр.

Қазақстандықтар ұннан таршылық көрмей ме? Фото: Pixabay.com

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы Сенат кулуарында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осыған дейін сенатор Арман Өтеғұлов Өзбекстан жыл сайын бір миллион тоннаға дейін қазақстандық бидайды өңдеп, Ауғанстан нарығына сататынын айтып, мәселе көтерген болатын.

Вице-министр Ермек Кенжеханұлының сөзінше, кез келген мемлекет өзінің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз еткісі келеді.

"Бізде бидайды терең өңдеу бойынша бірқатар жоба бар. Оның ішінде 2 жоба елдің нарығында жұмыс істеп тұр. Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Алматы облыстарында бидайды терең өңдеуге қатысты бірнеше инвестициялық жобаны жүзеге асырып жатырмыз. Біздің алдымызда бидайды шикізат ретінде ғана емес, дайын өнім ретінде экспорттау міндеті тұр", - деді Ауыл шаруашылығы вице-министрі.

Журналистер ішкі нарықта ұн тапшылығы болмай ма деп сұрады.

"Қазақстанды да, ұн тарту өнеркәсіптерін, өңдеу мен терең өңдеуді қамтамасыз етуге ұн жетеді. Біз күтіп отырған көлемді есепке алатын болсақ, экспорттық мүмкіндігімізді кеңейте аламыз. Ұнның бағасы қандай болады деп болжам жасау әлі ерте", - деді Ермек Кенжеханұлы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу