1 желтоқсаннан бастап Қазақстандықтар үшін Байқоңыр қаласына кірудің оңайлатылған тәртібі қолданылады, деп жазады inbusiness.kz сайты qyzylordatv.kz телеарнасына сілтеме жасап.
Президенттің "Байқоңыр" кешеніндегі арнайы өкілі Қайрат Нұртастың айтуы бойынша, 1 желтоқсаннан бастап үкіметаралық комиссиямен келісілген тәртіп күшіне енеді.
Қалаға тек БӨП арқылы кіруге болады. Онда барлық құжаттар, соның ішінде, Байқоңырға баруға рұқсат қағазы мұқият тексеріледі. Рұқсат алу үшін кем дегенде 10 күн бұрын қалаға бару себебін негізге ала отырып, өтініш беру қажет.
"Белгіленген тәртіп туралы Байқоңырға келген адам 10 күн бұрын өтініш беруі керек. Келісімге өзгеріс енгізілді, ал ұзақ зерттеуден кейін пилоттық режимде шешім қабылданды. 1 желтоқсаннан бастап БӨП-не Қазақстан азаматтарына рұқсатнамалар берілетін болады", - деп түсіндірді Президенттің арнайы өкілі Қайрат Нұртай.