2023 жылғы маусымда Қазақстан бойынша қоқыс шығарудың орташа тарифы 403 теңгені (бір адамға) құрады. Өткен жылдың маусым айымен салыстырғанда тариф 31% қымбаттады.
Ең жоғары тариф Алматы – 553 тг, Ақтау – 504 тг (2022ж. маусым – 250 тг.), Орал – 496 тг (2022ж. маусым – 286 тг.) қалаларында тіркелді. Қоқыс шығарудың ең төмен бағасы Тараз қаласында байқалды – 94 тг, онда тариф өткен жылдан бері өзгермеген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу