Қазақстандықтар утиль алым мәселесі бойынша қайда хабарласа алады?

234

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі утиль алым ақысына қатысты маңызды ақпаратпен азаматтарға үндей жасады.

Қазақстандықтар утиль алым мәселесі бойынша қайда хабарласа алады? Фото: Колеса

Ведомствоның мәліметінше, "Жасыл даму" АҚ қызметі бойынша кеңес 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы беріледі, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

"2024 жылғы 28 тамыздан бастап "Жасыл Даму" АҚ қызметі бойынша кеңес 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы берілетін болады. Енді кәдеге жарату төлемдерін төлеу, қалдықтарды жинау, тасымалдау және қайта өңдеу бойынша, сондай-ақ өзге де мәселелер бойынша ақпарат пен кеңес алу үшін көрсетілген нөмір бойынша хабарласуға болады.", делінген ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінен.

Байланыс орталығының мамандары Сіздің сұрақтарыңызға жауап беруге және туындаған мәселелерді шешуге көмектесуге дайын, - деп атап өтті ведомствода.

"Бұл кеңес алу процесін жеңілдетеді және сіздің сұраныстарыңыздың жедел шешілуін қамтамасыз етеді. Бұл жаңа мүмкіндік азаматтарға қызмет көрсетудің жоғары сапасы мен ыңғайлылығын қамтамасыз етеді.", делінген ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінде.

2024 жылғы 19 шілдеде ҚР Индустрия министрі Қанат Шарлапаев утиль алым мәселелері бойынша петицияға қатысты шешім қабылдады. Оның айтуынша, "қоғамдық тыңдаулардың қорытындысы бойынша өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылданған". Кейін Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі өтінішті қанағаттандырудан бас тарту жайында түсінік берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу