Қазақстандықтар ұялы телефонын тіркеуге міндетті

1087

Қазақстандықтар ұялы телефонын тіркеуге міндетті

Қазақстандықтар ұялы телефондарын тіркеуге міндетті. Жыл соңына дейін отандастарымыз қалтадағы гаджеттерінің IMEI-кодын немесе зауытта бекітілген жеке нөмірін төлқұжатына енгізуге тиіс, деп хабарлайды Алматы телеарнасы.

Бұны құлаққа ілмегендердің 2019 жылы байланыстары бұғатталады. Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев бастама телефон ұрлығы, тартып алу сынды заң бұзушылықтардың жолын кесуге сеп болады дейді. 

Бұған дейін еліміздегі азаматтар ұялы байланысты қолдану үшін SIM картасын жеке куәліктегі жеке сәйкестендіру нөмерін тіркеп келген еді. Енді IMEI-кодтың кезеңі келді. Көпке түсінікті тілмен айтсақ, бұл ұялы телефонның ішінде немесе қорабының бетінде жазылып тұрған сандар жиынтығы. Ақпарат және коммуникациялар министрі қазіргі кезде өзге ведомстволармен және ұялы телефон операторларымен осы мәселелер бойынша келіссөз жүргізіп жатыр. Тіркейтін болсақ, ұрланған кез келген телефонды IMEI-код арқылы бұғаттауға болады екен.

"2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап әр телефон міндетті түрде тіркелу керек болады. Бұл деген жасөспірімдерге, жалпы ұялы телефондарды ұрлау, оны балалардан тартып алу өз оң септігін тигізеді деп ойлаймыз. Сондықтан да осы тіркелу осы жылың соңына дейін бітеді", - деді ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев.

Сарапшылар елімізде ұялы телефонды азаматтардың 97 пайызы қолданатындығын айтады. Сондықтан тіркелу үшін ұзын-сонар кезек орын алуы әбден мүмкін дейді. Ал жауапты ведомство қазақстандықтар тиісті шарадан өту үшін барлық жағдайды жасайтындығына уәде берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу