Қазақстандықтар Вьетнамдағы тайфунға қарамастан сапарынан бас тартпай отыр

532

Қазір Вьетнамда шамамен 8 мың қазақстандық жүр.  

Қазақстандықтар Вьетнамдағы тайфунға қарамастан сапарынан бас тартпай отыр Фото: Vietnam.vn

"Вифа" тропикалық дауылы Вьетнамның солтүстігіне жетті. Салдарынан елдің солтүстік және орталық өңірлерінде қатты жел соғып, нөсер жаңбыр құйды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жергілікті метеорологиялық қызметтің мәліметінше, дауыл таңғы уақытта басталып, желдің ең жоғары жылдамдығы сағатына 102 шақырымға жеткен.

Дауыл салдарынан ел астанасы Ханойдың шығысында орналасқан Хынгйен провинциясының кейбір бөліктерінде жарық өшіп қалды. Мемлекеттік БАҚ-тың хабарлауынша, жергілікті тұрғындар генераторларға отын алу үшін жанармай құю бекеттеріне ағылды.

Ханой билігі тұрғындарға үйлерінен шықпауға, қауіпті ғимараттардан немесе су басу қаупі бар аудандардан эвакуациялануға кеңес берді.

Вьетнамның солтүстік бөлігіндегі барлық әуе рейстері тоқтатылып, Хайфон қаласындағы және Куангнинь провинциясындағы әуежайлар жабылды.

Вьетнам билігі "Вифа" дауылының салдарынан болған нөсер жаңбыр су тасқындарына себеп болуы мүмкін екенін ескертеді.

Қазір Вьетнамда шамамен 8 мың қазақстандық жүр. Олар негізінен елдің оңтүстігіндегі Фукуок, Нячанг және Дананг қалаларында демалып жатыр. Жергілікті билік бұл өңірлерде жағдай тыныш деп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу