Қазақстандықтар визасыз ұша алатын елдердің тізімі 80 мемлекетке дейін кеңейді

472

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ведомствода өткен брифингте мәлімдеді.

Қазақстандықтар визасыз ұша алатын елдердің тізімі 80 мемлекетке дейін кеңейді

Оның айтуынша, Қазақстан әлемнің 186 мемлекетімен дипломатиялық байланыс орнатқан.

"2022 жылы визасыз елдердің тізімі әртүрлі санаттағы төлқұжаттар бойынша 80 мемлекетке дейін кеңейтілді. Паспорттардың әртүрлі санаттары бойынша 9 жаңа елмен өзара келісімдер жасалды: Мальдив аралдары, Андорра, Никарагуа, Венесуэла, Боливия, Парагвай, Доминикана, Албания және Белиз. Бұдан басқа, осы жылдың 12 қазанында Катармен дипломатиялық және арнайы паспорттардың иелері үшін визалардан өзара босату туралы үкіметаралық келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қойылды, ол жалпы азаматтық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босатады", деді Айбек Смадияров.

Сондай-ақ ол қолайлы инвестициялық ахуалды құру, іскерлік байланыстарды жандандыру және елдің туристік әлеуетін арттыру үшін Қазақстан Үкіметі Иран Ислам Республикасының, Қытай Халық Республикасының және Үндістанның азаматтары үшін визасыз режим енгізгенін жеткізді. Аталған елдердің азаматтарына Қазақстан аумағында 14 күнге дейін болуға мүмкіндік берілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу