Қазақстандықтар VR технологиясы арқылы жаңа мамандықтарды үйрене алады

134

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кадрларды даярлау жүйесіне виртуалды шындық технологияларын енгізе бастады. 

Қазақстандықтар VR технологиясы арқылы жаңа мамандықтарды үйрене алады Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Бұл жұмыссыз азаматтарға теорияны ғана емес, нақты жұмыс жағдайларына барынша жақын цифрлық ортада практикалық дағдыларды пысықтауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

Оқу процесі екі кезеңге бөлінген. Бірінші кезеңде қатысушылар Skills Enbek цифрлық платформасында бес бағыттың біреуі бойынша қашықтықтан онлайн-курстардан өтеді. Оқыту мемлекеттік және орыс тілінде қолжетімді.

Теориялық бөлім аяқталғаннан кейін оқыту Мансап орталықтарда сырттай форматта жалғасады. Онда VR-шлемдердің көмегімен қатысушылар алған білімдерін бекітіп, кәсіби дағдыларды нақты өндірістік ортаға жақын жағдайда пысықтайды. Бағдарламаны аяқтаған соң әр қатысушыға сертификат беріледі, ол платформадағы жеке кабинетінде автоматты түрде көрсетіледі.

Пилоттық жоба Қазақстанның бес қаласында: Қонаев, Өскемен, Түркістан, Шымкент және Астанада іске асырылады. Елордада іске қосу биылғы жылдың сәуір айына жоспарланған, одан кейін бағдарламаға енген қалған өңірлерде кезең-кезеңімен енгізіледі.

Мұндай заманауи цифрлық шешімдер азаматтардың жұмыс берушілер талаптарына тезірек бейімделуіне және нарыққа дайын практикалық дағдылармен шығуына көмектеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу