Қазақстандықтар ЮНИСЕФ арандатуына берілмеді

853

"Қазақтар тәрбиелеу үшін баланы ұрады екен" дегенді естіп, БҰҰ-ның балалар қоры мұның рас-өтірігін анықтау үшін көшелерде науқан өткізді. 

Қазақстандықтар ЮНИСЕФ арандатуына берілмеді

ЮНИСЕФ-тің сұрауымен, театр актрисасы, екі баланың анасы Анастасия Тарасова көшеде өтіп бара жатқан адамдарға белбеу, аяқкиім және өзге де "тәрбие құралдарын" ұсынған.

Ол "егер үнемі баланы осы құралдар арқылы тәрбиелесеңіз, көп ұзамай бала тілалғыш болады" деп сендіруге тырысыпты. Актриса ата-аналарға жасы кіші балаларды аяқкиіммен не табиғи теріден жасалған белбеумен тәрбиелеуді ұсынса, ал жылауық немесе көп сөйлейтін балалар үшін скотч пайдалануға кеңес берген.

Науқан қорытындысы БҰҰ балалар қорын қайран қалдырыпты: қазақстандықтар жасырын таспаға түсірілген мұндай провокациялық сынаққа бой ұрмапты.

"Мен сіздерге бұл заттарыңыздың бәрін өртеп жіберуге кеңес беремін!" – депті мұндай тәрбиеден шошынған әжелердің бірі.

"Біздің бұл әлеуметтік экспериментіміз Қазақстанда ата-аналардың позитивті тәрбиені қолдайтындарын көрсетті. Біз қоғамның назарын осы ауқымды проблемаға аударғымыз келді", – дейді ЮНИСЕФ балалар құқықтарын қорғау жөніндегі бағдарламаларының үйлестірушісі Айсұлу Бекмұса.

Бұл әлеуметтік жоба "Есті! Сөйлес! Құшағыңа бас!" науқанының бір бөлігі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу