Қазақстандықтар зейнетақы жинағынан 2 трлн теңге алған

892

Зейнетақы қорынан алынған қаражаттың 29,5%-ы 35 жасқа дейінгі жастарға тиесілі. 

Қазақстандықтар зейнетақы жинағынан 2 трлн теңге алған

Enpf-otbasy.kz платформасы арқылы қазақстандықтар тұрғын үй мен емделу ақысын төлеуге 2 трлн теңге көлемінде зейнетақы жинақтарын пайдаланды, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Біржолғы зейнетақы төлемдерінің (БЗТ) көмегімен тұрғын үй жағдайын 466 397 қазақстандық жақсартып үлгерді. 

"Оның ішінде 201 998 адам зейнетақы төлемдерін ипотекасыз тұрғын үй сатып алуға жұмсаған. Бұл мақсатқа жалпы көлемі 1,3 трлн-нан аса теңге пайдаланған. Сондай-ақ 62 694 қазақстандық "Отбасы банкіндегі" ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы) заем бойынша қарызын өтеуге 152 млрд теңге жұмсаған", – деп жазылған хабарламада. 

Сонымен қатар 39 мың адам өзге екінші деңгейлі банктерде 134 млрд теңгеге ипотекалық қарызын төлеген. 

"Ал 23 мыңға жуық адам зейнетақы төлемдерін Отбасы банкінен несие алу үшін алғашқы жарна түрінде жұмсаған. Олардың 82%-ы екінші нарықтан баспана алса, 18%-ы бастапқы жарнаны құрылыс компанияларына төлеп, жаңа үйлерден баспана алуды жөн көрген", – деп жазылған хабарламада. 

Тағы 89 480 қазақстандық жалпы көлемі 91 млрд теңге көлемінде зейнетақы жинақтарын емделуге жұмсаған. 

"Нұр-Сұлтан қаласы, Маңғыстау облысы мен Алматы қаласы зейнетақы төлемдерін баспана алу үшін ең көп қолданған аймақтардың алғашқы үштігінде. Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары БЗТ пайдалануға ең төмен қызығушылық танытқан", – деп жазылған хабарламада. 

БЗТ қолданған қазақстандықтардың 65%-ы – ер азаматтар, ал 47%-ы – 40-59 жас аралығындағы қазақстандықтар. 

Айта кетейік, 2021 жылдың 16 желтоқсанынан бастап БЗТ-ін Отбасы банк депозиттеріне аудару мүмкіндігі туған. Мұны 35 065 адам пайдаланып, өз салымдарына 57 млрд теңге аударып үлгерген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу