Қазақстандықтар зейнетақы жинағынан 449,9 миллиард теңге алды

117

Бұл – мерзімінен бұрын алынған сома. 

Қазақстандықтар зейнетақы жинағынан 449,9 миллиард теңге алды Фото: БЖЗҚ

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов жыл басынан Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері 23,5 трлн теңгеге ұлғайғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жыл басынан Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері 4,7%-ға ұлғайды. Жыл басынан инвестициялық табыс көлемі 371 млрд теңгені құрады. Зейнетақы жарналары 1,4 трлн теңге, ал қаражатты мерзімінен бұрын алу сомасы 449,9 млрд теңге болды", – деді Тимур Сүлейменов. 

Жалпы халықаралық резервтер жыл басынан 7,4%-ға өсіп, 112,3 млрд доллар болды.

"Ұлттық Банктің алтын-валюта резервтері 52 млрд долларға дейін яғни 13,5%-ға ұлғайды. Ұлттық қордың активтері жыл басынан 2,6%-ға ұлғайып, 60,3 млрд долларды  құрады. Ұлттық қорға түсетін түсімдер 1,8 трлн теңге, ал Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферт көлемі 3,1 трлн теңге болды. Ұлттық қордың 6 айдағы инвестициялық табысы 7,8% немесе 4,7 млрд доллар құраған", – деді ҰБ басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу