Қазақстандықтар зейнетақы жинағынан 722 млрд теңге алған

738

Зейнетақы жинағындағы ақшаны мерзімінен бұрын алуға 138 900 өтініш түскен. 

Қазақстандықтар зейнетақы жинағынан 722 млрд теңге алған

2021 жылдың наурызында салымшылардың зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу үшін 722 млрд теңгенің өтініші орындалды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Оның айтуынша, осы жылдың 9 наурызында салымшылардың зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу үшін орындалған өтініштердің саны – 138 900. Жалпы 722 млрд теңге сомасында өтініш орындалған.

"Азаматтардың алған жинағының 99,7%-ы тұрғын үй мәселесін шешуге бағытталған.  400-ден аса азаматтың 1 млрд теңге жуық қаржысы зейнетақы жинақтарын басқарушы компанияға берілді.Өңірлер бойынша Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары, Маңғыстау облысының үлесіне (зейнетақы жинағынан қаржыны – автор) алудың 62,5%-ы тиесілі",  деді Ерболат Досаев.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу