Қазақстандықтар зейнетақы жинағынан 80 млрд теңге шешіп алған

336

Емделу мақсатындағы зейнетақы жинақтарын алу бойынша қаңтардағы көрсеткіштер желтоқсанмен салыстырғанда айтарлықтай төмендеген жоқ. 

Қазақстандықтар зейнетақы жинағынан 80 млрд теңге шешіп алған Фото: baq.kz

Қаңтар айында қазақстандықтар тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделу мақсатында шамамен 80 млрд теңге зейнетақы жинақтарын пайдаланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тұрғын үй жағдайын жақсарту бойынша орындалған өтініштердің жалпы сомасы 48,4 млрд теңгені құрады, ал өтініштер саны – 58,9 мың.

Желтоқсан айындағы аса белсенді кезеңмен салыстырғанда бұл көрсеткіш шамамен үштен бірге төмендеді. Дегенмен, жарты жылдан астам уақыттан бері жалғасып келе жатқан қаражат алу толқыны тоқтайтын түрі жоқ.

Емделу мақсатындағы зейнетақы жинақтарын алу бойынша қаңтардағы көрсеткіштер желтоқсанмен салыстырғанда айтарлықтай төмендеген жоқ. Жалпы сома – 30,2 млрд теңге (-8%), орындалған өтініштер саны – 31,1 мың (-15%).

Жалпы, қаңтар айындағы көрсеткіштер зейнетақы қаражатын алу белсенділігі жоғары болған алдыңғы айлармен салыстырғанда жоғары.

Еске салайық, бұл белсенділік өткен жазда зейнетақы жинақтарын алуға шектеу қою туралы талқылаудың басталуымен байланысты болды. Осыдан кейін зейнетақы жүйесіне қатысты басқа да өзгерістер ұсынылған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу