Қазақстандықтар "Жайлы мектеп" дизайнын талқылауға қатыса алады

416

Конструктивті сын, ескертулер мен ұсыныстар 17 қыркүйекке дейін қабылданып, қаралады.

Қазақстандықтар "Жайлы мектеп" дизайнын талқылауға қатыса алады Фото: inbusiness.kz

2023 жылдың 11-17 қыркүйегі аралығында қазақстандықтар жайлы мектептердің жобаларын талқылауға қатыса алады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оқушылар, ата-аналар, педагогтар және барша жанашыр азаматтарға ұлттық жоба шеңберінде салынып жатқан заманауи мектептердің ішкі құрылымы, қасбеті және безендірілуі бойынша өз пікірлерін ашық білдіруге мүмкіндік беріледі.

Қазақстан Республикасының барлық тұрғындары сілтеме арқылы өтіп, сауалнамаға қатыса алады. Мұнда мектептердің қасбеті, архитектурасы, сыртқы және ішкі дизайні, интерьері және көлемдік-жоспарлау шешімдері көрсетілген.

Конструктивті сын, ескертулер мен ұсыныстар 2023 жылдың 17 қыркүйегіне дейін қабылданып, қаралады. Содан кейін жайлы мектептердің жобалық-сметалық құжаттамасы мемлекеттік сараптамаға жіберіледі.

"Біздің мақсатымыз ұлттық жобаны жүзеге асыру барысын барынша ашық ету, сондықтан мектептердің жобасын бүкіл халық болып талқылауды жөн көрдік. Біз алғашқылардың бірі болып мұндай бастаманы іске асырып жатырмыз. Оқу ошақтары сапалы білім беріп қана қоймай, оқушылардың қарым-қабілеттерін дамытып, белсенділігін арттырып, болашақ мамандығын таңдауға жол ашады. Ең бастысы, жайлы мектептер балаларды, жастар мен ересектерді өзіне тартатын орталыққа айналуға тиіс. Сол себепті, қазақстандықтарды сауалнамаға белсене қатысуға шақырамын", деді "Samruk-Kazyna Construction" АҚ Басқарма Төрағасы Мәулен Айманбетов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу