Қазақстандықтар жаңа көлік сатып алуға 808 млрд теңге жұмсаған

1120

Желтоқсан айында авто көлік сату рекордтық көрсеткішке жетті.   

Қазақстандықтар жаңа көлік сатып алуға 808 млрд теңге жұмсаған

"ҚазАвтоПром" кәсіподағының ақпараты бойынша, өткен жылы ресми дилерлер 89,1 мың автокөлік сатқан, бұл бір жыл бұрынғыдан 24,8% артық. 2020 жыл ішінде қазақстандықтар жаңа авто көлік сатып алуға 808,6 млрд теңге (1,9 млрд доллар) жұмсады, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 23,6% артық.

2020 жылдың желтоқсан айының соңында сатылым былтырғыдан 21,1% -ға жоғары болды. Нарық көлемі нарықтық тұрғыдан алғанда бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 48,7% асады. 2020 жылдың қараша айымен салыстырғанда желтоқсандағы сатылым 9,7% өсті.

63,5 мың сатып алушы (71,3%) қазақстандық автомобиль зауыттарының өнімдерін таңдады, 2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда сатылған 25,5 мың автомобиль (28,7%) сырттан әкелінген.  

Алматы (22 262 сатылған автокөлік), Нұр-Сұлтан (15 985 ), Шымкент (9 200), Қарағанды ​​(6 206), Қостанай (5570 автокөлік), Атырау (4021 ), Өскемен (3931), Орал (3758 ), Павлодар (3424) және Ақтау (2989) Атырау (4021 дана), Өскемен (3931 дана), Орал (3758 дана), Павлодар (3424 дана) және Ақтау (2989 дана) тұрғындары 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында жеңіл автокөлік сатып алуда белсенділік танытты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу