Қазақстандықтар жанармайды "аз жейтін" көлік таңдайды

1491

Автомашиналар қай аумақтарда көбірек және қазақстандықтар үшін қозғалтқыштың қандай көлемі жағымдырақ. 

Қазақстандықтар жанармайды "аз жейтін" көлік  таңдайды

Қозғалтқыш көлеміне автокөліктің қуаты тәуелді. Көлемі асыра болса, машина соған тәуелді желісті. Бірақ аталған желістің құны да өсімді: көлемді қозғалтқыштардың отын шығысы көбірек және салық ставкасы жоғары. Freedom Finance Insurance сақтандыруу компаниясының мамандары зерттеу жүргізіп, автомашиналар қай аумақтарда көбірек және қазақстандықтар үшін қозғалтқыштың қандай көлемі жағымдырақ екенін анықтады.

Қазақстанда машиналар саны қанша

Статистика жөніндегі Комитеттің 2019 жылдың тамыз айындағы мәліметтері бойынша,Қазақстанда 3 698 309 автомашина тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,5%-ға кем. Ең көп автомашиналар саны – Алматы облысында  489 294. Санына қарай екінші орында Алматы (466 886). Үздіктер үштігінің соңында Шығыс Қазақстан облысы. Онда 296 080 автомашина тіркелген.

Қызықты дәйек: Қазақстандағы автомашиналардың шығарылған мерзімі, көбінесе 10 жылдан асады. Бұл – 64,8%. 3 жыл мен 7 жыл аралығында шыққан машиналар саны аз, тіркелген автоммашиналардың жалпы санынан алғанда бар болғаны 15,7%. Шығарылған жылы 3 жылдан аспайтын машиналар саны елімізде одан да аз – 10,4%.

Қозғалтқыш көлеміне сәйкес аумақтар рейтингі

Қозғалтқыштар көлемі литрде немесе текше сантиметрде өлшенеді.  Қазақстандық автокөлік иелерінің көбісі, қозғалтқыш көлемі 1 500 – 2 000 текше см құрайтын машиналарын таңдайды. Қазақстанда мұндай қозғалтқыш көлемі бар автомашиналар саны 1 711 633, бұл тіркелген барлық машина санының жартысын құрайды (46,3%).

Мұндай қозғалтқыш көлемі бар автомашиналардың көбі Ақмола (217 459), Ақтөбе  (173 652 автомашина) және Атырау облысында (141 520 автомашина).

Танымалдылығы бойынша екінші орында – қозғалтқыш көлемі 1100 – 1500 текше. см. автомашиналары. Елімізде олардың саны 667 951 (18,1%). Бұларды иеленгендердің көбісі Ақмола облысының тұрғындары (77 855), Алматы облысы тұрғындары (72 989) және Жамбыл облысының тұрғындары (64 221). Әлбетте, аталған қозғалтқыш көлемі бар автомашиналар "қалалық" деп танылады. Себебі, қалалық автокөлік иелері үшін, машинаның қуаты емес, отын пайдалану шығысы басымды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу