Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны ақпанмен салыстырғанда 28,2%-ға өсіп, 52,7 мыңға жеткен. 2020 жылдың наурызымен салыстырғанда олардың саны 2,4 есе өскен.
Әсіресе, Маңғыстау облысының тұрғындары белсенді түрде баспана сатып ала бастаған. Мәмілелер саны ақпанмен салыстырғанда 48,4%-ға, ал өткен жылмен салыстырғанда 8,9 есе өскен. Ал Нұр-Сұлтанда ақпанмен салыстырғанда мәмілелер саны 8%-ға төмендеген.
2021 жылдың қаңтар-наурызында тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны өткен жылмен салыстырғанда 74,2%-ға артқан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу