Қазақстандықтар жарты жылда 155,3 миллиард теңгеге ипотекалық несие алған

754

Қазақстандықтар жарты жылда 155,3 миллиард теңгеге ипотекалық несие алған

Өткен екі жылда 19 мың 200 пәтер арзан бағамен берілсе, биыл мұндай пәтерлердің саны 15 мыңнан асады, деп хабарлайды khabar.kz.

"Аймақтарда бір шаршы метрі 140 мыңнан, ал Астана, Алматы, Атырау мен Ақтауда 180 мың теңгеден аспайды", – дейді Инвестициялар және даму министрінің орынбасары Роман Скляр.

"Нұр Отан" партиясының мәжілістегі фракциясы жанынан құрылған комиссияның отырысында жаз бойы өңірлерді аралап келген депутаттар халықтың сумен, жылумен қамтылуы, арзан баспанаға қол жеткізу секілді мәселелерін жеткізді.

Елімізде баспана құрылысы қарқынды болғанымен, сұраныс саны кемімеуде. Қазір елімізде баспанаға кезекте тұрғандардың саны 2,5 млн-нан асады. 2017 жылдың жартыжылдығына қазақстандықтар 155 млрд теңге ипотека алса, оның 117 млдр-ы "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" арқылы берілген.

 "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің" директоры банктің 17 млрд теңге табыс тапқанын айтты. Осы ретте заңды сауал туындайды. Әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға банктің пайыздық мөлшері төмендейді ме? Себебі қазір баспана тізімінде 2,5 млн адам кезекте тұр", - деді ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Марат Бопазов.

"Біз бұл мәселені акционермен ақылдасып, қарайтын шығармыз. Қазір банк "Нұрлы жер" бойынша кредиттеуді бастады. Ол үшін 22 млрд теңге бөлінді. Ол жерде пайыздық мөлшер 5%-дан аспайды", - деп жауап берді "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мирас Бейсембаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу