Қазақстандықтар жекеменшік үйлерден гөрі пәтерлерді жиі сатып алады

362

6 айда республикада 40 968 жеке үй сатылды.  

Қазақстандықтар жекеменшік үйлерден гөрі пәтерлерді жиі сатып алады Фото: google.com

Жазда жеке үйлерді сатып алу үлесі арта бастайды. Сұраныстың артуы сәуір-тамыз айларында тіркеледі. Соңғы 4 жылда осындай тенденция байқалған, деп жазады inbusiness.kz Бірінші кредиттік бюроның Телеграм арнасына сілтеме жасап.

Десек те, биылғы көрсеткіштерде шамалы өзгеріс бар.

"Маусым айында мәмілелердің жалпы көлеміндегі жеке үйлердің үлесі 26,4% болған. 2019-2022 жылдардағы орташа көрсеткіш – 29,9%. 2023 жылдың II тоқсанының қорытындысы бойынша көрсеткіш 26,1% болды. Ал алдыңғы 4 жылдағы орташа көрсеткіш – 29,8%. Бірінші жартыжылдықта жеке үйлердің үлесі – 25,7%. Ал, 2019-2022 жылдарда бұл көрсеткіш 27,4%-ды құраған", делінген ақпаратта.

6 айда республикада 40 968 жеке үй сатылды. 

"Егер өткен жылдардың траекториясы бойынша жүргенде көрсеткіш 43,7 мың бірліктен асатын еді. Айырмашылық – 2,8 мың мәміле немесе 6,3%", деп хабарлады Бірінші кредиттік бюро.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу