Қазақстандықтар жинақтарының құнсыздануынан қауіптенеді

776

Елімізде инвестициялық қорларға сұраныс артты.

Қазақстандықтар жинақтарының құнсыздануынан қауіптенеді

Екінші жыл қатарынан әлем пандемия салдарымен күресуде. Өткен жылдың наурыз айында басталған инфляцияның айтарлықтай өсуі мен ұлттық валютаның құнсыздануына байланысты Қазақстан халқының да жинақтарына да қауіп төнді. Осы жағдайларда қазақстандықтардың инвестициялық белсенділігі артуда, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі finprom.kz-ке сілтеме жасап. 

Ұлттық валютаның тұрақсыздығы және инфляцияның үдеуі жағдайында ақшаның сақталуы бірінші орынға шығады.

Дәстүрлі түрде Қазақстанда банктік депозиттер халық үшін инвестициялаудың негізгі және ең түсінікті тәсілі болып саналды. Дегенмен бүгінде жеке тұлғаларға арналған басқа да инвестициялық өнімдердің тұтас спектрі пайда болды. Олардың ішінде бағалы қағаздар нарығындағы құралдар, сақтандыру нарығының инвестициялық өнімдері, алтынға инвестициялар және т.б.

Халық үшін ең тартымды және таныс нұсқалардың бірі бағалы қағаздар нарығы, атап айтқанда пайлық инвестициялық қорлар (ПИҚ) болып табылады. Мұны ресми статистика да растайды. Сонымен қазіргі уақытта елде пайлық инвестициялық қорларға қоғамның қызығушылығының күрт артуы байқалады.  

Биылғы жылдың қыркүйек айының соңына қарай жеке тұлғалар арасындағы акционерлердің саны жыл басынан бері үш еседен астамға өсіп, рекордтық 4,6 мыңға жетті.  

Бұл ретте салымшылар ағыны аясында пайлық инвестициялық қорлардың таза активтері бір жыл ішінде екі еседен астам өсіп, 130,6 млрд теңгеге жетті. Салыстыру үшін осыдан үш жыл бұрын ғана еліміздің инвестициялық пай қорының таза активтерінің көлемі 27,6 млрд теңгені құраса, бес жыл бұрын небәрі 3,4 млрд теңге болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу