Қазақстандықтарға Мәскеуде тегін білім алуға мүмкіндік туды

866

Қазақстандықтарға Мәскеуде тегін білім алуға мүмкіндік туды

Қазақстандықтар жоғары білімді Мәскеуден тегін алуына болады. Мұндай мүмкіндікті Разумовский атындағы бірінші казак университеті жасап отыр. Бұл екі ел арасындағы байланысты Владимир Божко жоғары бағалады. Өйткені, талапкерлер өздері қалап, бірақ түсе алмай қалған мамандықтарды қалтадан тиын шығармастан оқи алады. Осы және өзге де мәселелер "Семиречья Казактарының Одағына" 150 жыл толуына орай өткен бей ресми тойлау кезінде айтылды, деп хабарлайды almaty.tv.

"Бұл мәселе екі ел арасын нығайтатынын айтқым келеді. Ол бір орында тоқтамай, қайта одан сайын беки түскені қуантады. Бізде әрбір ұлт өз нақышын жасап жатыр. Осылайша, бәріміз бірігіп, Қазақстанның тарихына із қалдырудамыз. Достық ұлттар арасындағы байланыс ғана емес. Бір-бірімізге көмектесу", - деді  Қазақстан республикасы парламенті мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу