Тиісті құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды, деп жазады inbusiness.kz.
Жүргізу дағдыларын тиісті тексеру мақсатында "А", "А1" санаттарында емтихан тапсыру үшін жаттығулар саны ұлғайтылды.
"A", "A1" санатына практикалық емтихан өткізу кезінде келесі жаңа сынақ жаттығу түрлері қосылды:
- № 3 "Реттелетін қиылыстың өтуі";
- № 4 "Реттелмейтін теміржол өтпесінен өту";
- № 6 "Тік көтерілу және түсу";
- "Реттелетін қиылыстан кейін жаяу жүргіншілер өтпесінен өту".
Осылайша "Екпін алу – тежеу", "Жылан", "Төменгі жылдамдықпен басқару" жаттығулары алынып тасталды.
"B", "В1", "C", "С1", "D", "D1" санаттарына емтихан өткізу кезінде мынадай сынақ жаттығулары орындалады:
- "Тік көтерілу және түсу";
- "Реттелетін қиылыстан кейін жаяу жүргіншілер өтпесінен өту";
- "Реттелмейтін қиылыстағы бұрылыстар".
"Жылан" және "үдеткіш жолақ" жаттығулары алынып тасталады, оларды орындау үшін айтарлықтай аумақтар қажет, бірақ сонымен бірге жүргізу дағдыларын бағалау бөлігінде олар тиімді емес. Бұл ретте "Жылан" және "үдеткіш жолақ" жаттығуларын қысқарту есебінен автодромдарды салуға жұмсалатын шығындар айтарлықтай қысқарады, бұл оларды ірі қалалар мен облыс орталықтарында ғана салуға мүмкіндік бермейді", - делінген түсіндірме құжатта.
"BE", "CE", "С1Е", "DE", "D1E" санаттарына емтихан өткізу кезінде келесі сынақ жаттығуы алынып тасталды:
- "Алдыңғы жүріспен габаритті дәлізде тура қозғалу".
Құжатты көпшілік талқылау 10 шілдеге дейін жалғасады.