Қазақстандықтар шылымға жылына қанша теңге жұмсайды?

3921

Елдегі темекі өнімдерінің өндірісі 15%-ға, ал импорт көлемі 2,7 есеге артты.  

Қазақстандықтар шылымға жылына қанша теңге жұмсайды? Фото: vedomosti.ru

Биылғы қаңтар-қыркүйек айларында отандық компаниялар 13,5 млрд темекі, сигара, папирос және басқа да осыған ұқсас өнімдерді өндірген. Бұл 2021 жылға қарағанда 15%-ға көп. Ақшалай мәнде өндіріс 206,5 млрд теңгені құраған, деп жазады inbusiness.kz energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Былтыр темекі өндірісі 3,5%-ға қысқарды.

Осы жылдың 8 айдағы қорытындысы бойынша елдегі компаниялар темекі мен папиросқа деген сұранысты (ішкі нарықта сату және экспорт) 60,1%-ға қамтамасыз етті. Былтыр бұл көрсеткіш 77,9% болған. Импорт үлесі – 39,9%. Елге 7,8 миллиард темекі мен папирос әкелінді. Бұл 2021 жылғы кезеңмен салыстырғанда 2,7 есе көп. Экспорт үлесі – 22,5% (4,4 млрд темекі өнімі).

Ішкі нарықта 15,2 млрд темекі бұйымы сатылды (бір жылда 27,1%-ға көп). 2022 жылдың екінші тоқсанында үй шаруашылықтары темекі өнімдеріне 11,2 мың теңге жұмсады. Бұл былтырғыға қарағанда 9,8%-ға артық.

Energyprom.kz зерттеуіне сәйкес, темекі өнімдерін тұтынатындардың басым бөлігі Солтүстік Қазақстан облысында тіркелген. Екінші тоқсанда орташа алғанда өңірдегі әр үй шаруашылығы темекі өнімдеріне орта есеппен 19,5 мың теңге жұмсаған. Антилидерлер қатарында Павлодар (18 мың теңге) және Шығыс Қазақстан (17,7 мың теңге) облыстары бар. Темекі өнімдеріне ең аз қаражатты Шымкент қаласының тұрғындары жұмсаған көрінеді (1,7 мың теңге).

2022 жылдың қазан айындағы қорытынды бойынша сүзгісі бар темекі бағасы бір жылда 16,4%-ға өскен. Қымбатшылықты Шығыс Қазақстан (+21,6%) және Ақмола (+20,5%) облыстары, Алматы қаласының (+19,3%) тұрғындары сезінді. Ең төменгі жылдық өсім Алматы облысында байқалып отыр (+11%).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу