Қазақстандықтар жылына сыраға қанша ақша жұмсайды

1181

Қазақстан сыра рейтингісінде (қымбат болуына байланысты) 58 елдің арасында 35-орынға ие болды.  

Қазақстандықтар жылына сыраға қанша ақша жұмсайды

Ел тұрғындары жылына орта есеппен сыраға 305 доллар (129 852 теңге) жұмсайды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Қаржы және нарықты зерттеуге маманданған америкалық Expansivity басылымының мәліметінше, ең қымбат сыра Катарда. Онда көлемі 0,33 л болатын бөтелкедегі сыраның орташа бағасы – 11,26 доллар (4 794 теңге, 1 теңге – 425,74 доллар). Ең арзан сыра ОАР-да, сыраның орташа бағасы – 1,68 доллар (715,25 теңге). 

ЕАЭО және Орталық Азия елдері арасында Ресейдегі сыраның бағасы 
Қазақстанға қарағанда айтарлықтай жоғары. Рейтинтге РФ 11-орында тұр.

Елімізбен салыстырғанда сыра Беларусьте қымбаттау, бұл ел тізімде 31-орында. 

Сыра Әзербайжан (38-орын), Армения (40-орын), Украинада (57-орын) арзан.

Сыраны тұтынудың (бір адамға) ең жоғары көрсеткіші Чехияда: мұнда орта есеппен әр адам жылына 154,6 литр сыра ішеді. 

Орташа шығынның ең жоғары көрсеткіші Германияда: немістер сыраға орта есеппен 1907,78 доллар (812 225 теңге) жұмсайды. 

Қазақстанда көрсеткіштер төмен: бір адамға 29,3 литр, ел тұрғындары жылына сыраға орта есеппен 305,23 доллар (129 852 теңге) жұмсайды. 

Ресейде көрсеткіштер айтарлықтай жоғары: бір адамға 87,4 литр, ресейліктер жылына орта есеппен сыраға 1 345,8 доллар (572 966 теңге) жұмсайды.

2021 жылғы бірінші жартыжылдықта елімізде 358,7 млн литр сыра өндірілген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,6% артық.

Сыра өндірісінің 94%-ға жуығы 4 өңірдің үлесінде: Алматы (164,3 млн литр, бір жылда +7,8%), Алматы облысы (85,7 млн литр, бір жылда +10,7%), Қарағанды облысы (51,6 млн литр, бір жылда +8,3%) және Қостанай облысы (34,1 млн литр, бір жылда +1,8%).

2020 жылы Қазақстанда 692,5 млн литр сыра өндірілді, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 4,3% көп.

Биыл 5 айдың қорытындысы бойынша жергілікті сыра қайнату компаниялары сұраныстың 92,6% қамтамасыз етіп, импортқа өнімнің 7,4% жіберген. Өткен жылғы осы кезеңде импорттың үлесі біршама көп болған – 8,1%.

2021 жылғы 5 айда ішкі нарықта 302,2 млн литр сыра сатылған, бұл
өткен жылмен салыстырғанда 8,5% артық.

Шілденің қорытындысы бойынша сыра бір айда 1%, бір жылда 6,6%  қымбаттаған.

Алкогольді өнімдерге баға бір жылда 7,4%, алкогольсіз сусындар – 10%, минералды және су – 10,6%, шай – 11,7% өскен.

Солтүстік Қазақстан облысында сыра бір жылда 12,8% қымбаттаған, ал ең төменгі жылдық өсім Қызылорда облысында – 2,6%.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу