Қазақстандықтардан көліктеріне "әдемі" нөмір алу бойынша 11 мың өтініш түскен

845

Күні кеше ХҚКО-ларға барған халықтың қарасы көп болды.

Қазақстандықтардан көліктеріне "әдемі" нөмір алу бойынша 11 мың өтініш түскен Фото: Sputnik.kz

Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ростислав Коняшкин Үкімет отырысынан кейінгі брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Кеше ХҚКО-ларға барған халықтың қарасы көп болды. Мұндай жағдай жаңа қызметтер іске қосылғанда ғана болмайды. Мерекелерден кейін ХҚКО-лар жұмыс істемей тұрған кезде де адамдардың жиналуы байқалады. Кеше "әдемі" нөмірлерді таңдау қызметі іске қосылды. Қателеспесем, еліміз бойынша осы қызметке шамамен 11 мың өтініш берілген", – деді Ростислав Коняшкин тілшілердің сауалына.

Вице-министр ұзын-сонар кезек болмауы үшін осы қызмет түріне байланысты операторлардың саны көбейтілгенін айтты.

Оның айтуынша, осы аптада e-Gov мобильді қосымшасы арқылы бұл қызметті онлайн режимде іске қосу жоспарланып отыр. Бұдан басқа "Азаматтарға арналған үкімет" те өз сервисін дайындап жатқаны белгілі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу