"Қазгидромет" РМК-ның мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болып, жаңбыр жауып, жел соғады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Алдағы үш тәулікте республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында тұрақсыз ауа райы сақталады: найзағай ойнап, екпінді жел соғады. Қазақстанның батысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады", деп жазылған хабарламада.
Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда түнде және таңертең тұман күтіледі. Шығыста түнде 1-3 градусқа дейін аяз болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу