Қазақстандықтарды эвакуациялауға арналған екінші рейс Атыраудан Польшаның Катовице қаласына ұшты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.
"Қазақстан азаматтарына жіберілген екінші ұшақ Атыраудан Катовицеге Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 10:13-те ұшты. Катовице әуежайына борт болжам бойынша Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 14:19 шамасында қонуы керек", – деп жазылған хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу