Қазақстандықтарды қандай мәселелер алаңдататыны белгілі болды

233

Өтініштердің шамамен жартысы нақты секторға қатысты. 

Қазақстандықтарды қандай мәселелер алаңдататыны белгілі болды Фото: Sputnik.kz

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев өңірлерге шығу барысында Мәжілістің депутаттарына келіп түскен азаматтардың өтініштерін мемлекеттік органдардың қарау нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Осы жылы сайлаушылар тарапынан елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын қамтитын 965 өзекті мәселе көтерілді. Өтініштердің шамамен жартысы нақты секторға қатысты. Халық тарапынан ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, табиғи ресурстар, экология және көлік салаларындағы мәселелер көтерілді. Сұрақтардың 31 пайызы әлеуметтік салаға тиесілі. Бұл денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау мен білім беру, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылымның сапасы мен қолжетімділігі", – деді вице-премьер Мәжілістің жалпы отырысында.

Оның айтуынша, тағы 125 сұрақ мемлекеттік реттеу мен қаржы-экономикалық мәселені қамтиды. 

"87 сұрақ күштік құрылымдарға қатысты. Оған жеке құраммен толықтыру, материалдық-техникалық, қоғамдық қауіпсіздік бойынша, сондай-ақ өткізу бекеттері мен мемлекеттік шекараны жаңғырту мәселелері кіреді. Өтініштердің құрылымы экономиканы және әлеуметтік саланы дамыту бойынша міндеттерді шешуге бағытталғанын көрсетеді", – деді Қанат Бозымбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу