Қазақстандықтарды kolesa.kz сайты арқылы алдаған алаяқ ұсталды

482

Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Алматы, Астана, Шымкент қаласының тұрғындары алаяқтың құрбаны болған.  

Қазақстандықтарды kolesa.kz сайты арқылы алдаған алаяқ ұсталды Фото: polisia.kz

Атырау облысы және Астана қаласының кибер қылмысқа қарсы іс-қимыл қызметі сайт арқылы алаяқтық жасаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласында жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында 1993 жылы туған Қызылорда қаласының тұрғыны алаяқтық жасағаны үшін ұсталды.

Ол ғаламтор желісінде автокөлік сататын сайттарға жалған жарнамалар жариялаған. Жарнамадағы көлікті сатып алуға қызығушылық танытқан желі қолданушыларынан жарнаманы алып тастау үшін алдын ала қаражат жіберуін сұраған. Төлемді әлеуметтік желіде танысқан қыз-келіншектердің банк-шоттарына аудартып, кейін қоғамдық орындарда өзінің карталарының бұғаттаулы екенін айтып, кездейсоқ адамдарға аудартып, иемденіп келген. Қазіргі таңда күдіктіні осындай 10 қылмысқа қатысы бары анықталды.

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Күдікті Астана қаласында қамауға алынды.

Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу