Қазақстандықтарды LRT-ға жұмысқа алып, операторларды оқыту басталады

170

LRT құрамдары толығымен автоматтандырылған және пилотсыз болады.

Қазақстандықтарды LRT-ға жұмысқа алып, операторларды оқыту басталады Фото: pixabay.com

"City Transportation Systems" ЖШС жеңіл рельсті көлік желісінде жұмыс істейтін пойыз операторларын (машинист) оқытуға алдын ала қабылдау басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Біз Қазақстанның Еңбек кодексіне сәйкес, жұмысқа ресми орналасуды ұсынамыз. Сонымен қатар, жұмыс берушінің есебінен біліктілікті арттыру/оқыту қамтамасыз етіледі. Оқыту нәтижесі бойынша LRT басқаруға арналған халықаралық үлгідегі сертификат беріледі. Оқу мерзімі 1 жылға дейін. Қызметкерлер Қазақстан азаматтарынан құралады. Мұндағы мақсат мамандандырылған компанияны жұмысқа тартпай, LRT жүйелерін пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу дағдыларын үйрету", – делінген хабарламада.

Жұмыс ауысымдық кесте бойынша жүзеге асырылмақ.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

темір жол көлігі саласындағы жоғары білім;

жұмыс тәжірибесі локомотив машинисі лауазымында кемінде 3 жыл/локомотив машинисі көмікшісі ретінде кемінде 5 жыл.

LRT пойыз операторларының негізгі міндеттері:

жолаушылардың қауіпсіздігін және пойыздың техникалық жағдайын, барлық қауіпсіздік нормаларының сақталуын қадағалау;

автоматтандырылған басқару жүйесінің жұмысын үздіксіз бақылау, ақауларды анықтау және жою;

вагондардың электрлі жылытуды/желдетуді сақтау, жолаушыларды отырғызып/түсіру тәртібін реттеу, жылжымалы құрамның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету бойынша басқа да жұмыстарды атқару.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу