Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев Корея Республикасының елшісі Чжо Тэ-икпен кездесті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Тараптар қазақстандықтарды Оңтүстік Кореяда ресми жұмысқа жіберуге мүмкіндік беретін Employment Permit System (EPS) жүйесіне қосылудың алдағы қадамдарын талқылады. EPS жүйесіне қосылу қазақстандықтарға заңды, қауіпсіз және келісімшартпен еңбек етуге жол ашады.
Кездесуде қазақстандықтардың Кореяда тәртіпке келтірілген түрде жұмысқа орналасуын қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық шаралар туралы ақпарат берілді.
Тараптар еңбек көші-қоны саласындағы ынтымақтастықты күшейтіп, практикалық келіссөздерді жалғастыруға уағдаласты.
Вице-министр Корея Республикасының Елшілігіне сындарлы және татымды диалог үшін алғысын білдірді.