25 жастағы Н. есімді азаматша ақпараттық технологияларды пайдаланып және адамдар тобымен алдын ала сөз байласып, бірнеше рет алаяқтық әрекетін жасаған, деп жазды inbusiness.kz Алматы қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
"Анықталғандай, қылмыстық тізбекті әйел жерлесімен бірге дайындаған, ол Instagram әлеуметтік желісінде бұғатталған аккаунттарды бұзу немесе қалпына келтіру қызметін жарнамалаған. Клиенттер Қазақстандағы банктердің карталарына ақша жіберген. Содан кейін Н. есімді азаматша алған ақшаны сыбайласының нұсқауымен басқа карталарға бөліп, бір бөлігін өзіне қалдырып отырған", – дейді Түрксіб аудандық Полиция басқармасының бастығы Еркін Амантаев.
Күдіктілердің әрекеттері ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағы бойынша сараланады. Қазіргі уақытта ұсталған азаматшаның Қазақстан Республикасының аумағында басқа да қылмыстарды жасауға қатыстылығын анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.